dc.description.abstract |
Бұл мақалада, қаржылық бақылау, мемлекеттік бақылау және аудиторлық бақылау арасындағы айырмашылық және де бақылау формаларының ерекшеліктері анықталады. Бюджеттік құқықтық қатынастар саласындағы мемлекеттік қаржылық бақылау кез – келген заманауи мемлекеттік қаржы жүйесінің ажырамас, айрықша бөлігі болып табылады. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың ең басты өзегі мемлекеттің қаржы саясатын табысты іске асыруға жәрдемдесу, халық шаруашылығының барлық салалары мен буындарында қаржы ресурстарын қалыптастыру мен тиімді пайдалануды қамтамасыз ету болып табылады. Келешектің тұтқасы, мемлекеттің есебінің дұрыс, қатесіз атқарылуында.
Мақалада Елбасымыздың «мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың» жеке бір сала ретінде дамып, алға қарай жылжуы, жаңа көзқарастар мен стартегиялардың пайда болуы, әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, мемлекеттік аудиттің озық жүйесін қалыптастырудағы маңызы көрсетілген Сонымен қатар, бірнеше ғалымдардың және олардың еңбектерінен анықтамалар мен тұжырымдамалар кесте ретінде беріле отырып, қаржылық бақылау, мемлекеттік аудит, аудиторлық бақылау терминдеріне деген анықтамалар көрсетілген. |
ru |