dc.description.abstract |
Бүгінгі таңда қаржылық бақылау өндірістік жәнеде өндірістік емес саласын қамитиды және ол экономиканың ынталандыруды арттыруға, қаржы ресурстары мен табиғи ресурстарды ұтымды және ұқыпты жұмсауға, өнімсіз шығындар мен ысыраптарды азайтуға, шаруашылық жүргізу мен ысырапшылдыққа жол бермеуге бағытталған. Қаржылық бақылаудың маңызды
міндеттерінің бірі – заңдылықтың сақталуын, бюджет жүйесі, салық қызметі, банктер алдындағы қаржылық міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуын тексеру, сондай-ақ кәсіпорындардың өзара міндеттемелерінің орындалуын және есеп айырысулар мен төлемдерді жүзеге асыруын қадағалау . Бірақ ол өздігінен емес, арнайы қаржылық аппарат арқылы жүзеге асады. Қаржы жүйесінің және басқа да экономикалық қызметтердің қызметкерлері қаржылық жоспарлау процесінде, бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін орындауда қаржылық бақылауды жүзеге асырады. Қаржылық бақылауды жүзеге асыруда Қаржы министрлігі мен оның органдары маңызды рөл атқарады. Мақалада нақты осы Қаржы министрлігің рөлін, қызметін, саладағы орны көрсетілген. |
ru |