Аннотации:
Технологиялық жаңалықтар әлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз. Цифрлық технологиялар және басқа да көптеген ғылыми жетістіктер мемлекеттік аудит органдарының қызметтік ортасын ғана емес, сонымен қатар өздерінің бизнес-процестерін де өзгертуді талап етеді. Қазіргі уақытта мемлекеттік аудит саласы жедел, сенімді және толық ақпаратты талап етеді. Осыған байланысты аудиторлық қызметте жасанды интеллект технологияларын қолдану өте өзекті, стратегиялық маңызы бар. Дегенмен, мемлекеттік аудитте жасанды интеллектті пайдалану әлеуеті өте жоғары болса да, біздің зерттеулеріміз оның теориялық және эксперименттік зерттеу үшін жеткіліксіз екенін көрсетті. Біздің мақаламыз осы мәселені шешуге бағытталған және мақсатымыз Қазақстанда мемлекеттік аудит саласында жасанды интеллектті қолдану дәрежесін зерделеу арқылы өзекті мәселелерді анықтау және жетілдіру жолдарын ұсыну.