Аннотации:
Бұл мақалада екі жоғары бақылау органы – Қазақстан
Республикасының Жоғарғы аудиторлық палатасы мен Австрияның Есеп
палатасының салыстырмалы талдауы берілген. Мақалада Қазақстан
Республикасының Жоғарғы аудиторлық палатасы мен Австрияның Есеп
палатасына ақпараттар берілген. Олардың рөлдерінің, функцияларының,
қызметтерінің және ұйымдық құрылымдарының ұқсастықтары мен
айырмашылықтары талқыланған және әрқайсысына жеке тоқтала өтіп, кішігірім
ақпараттар қамтылған. Дәл солай екі мемлекеттің жоғары бақылау
органдарының құрылымы туралы қосымша ақпараттар берілген. Сонымен қатар
мақалада екі жоғары бақылау органдарының құзыреттілігі және қаржыны
басқару жүйесі туралы ақпараттар ашық көрсетілді. Мақалада екі мекеменің де
мемлекеттік қаржының есептілігі мен ашықтығын қамтамасыз етудегі тиімділігі
көрсетілген және халықаралық ынтымақтастықты ілгерілетуде, әріптестерімен
озық тәжірибе алмасудағы рөлі туралы ақпарат берілген.