dc.description.abstract |
Бүгінгі таңда кез келген ел үшін мемлекеттік қаржы, мемлекеттік
меншік, табиғи байлық, интеллектуалды капитал секілді маңызы жоғары ұлттық
ресурстарды басқару тиімділігін арттыру мәселесі маңызды болып табылады.
Сол себепті мемлекеттік аудит қызметің дамытуда және тиімділігін арттырудың
маңызды құралы ретінде көбірек назар аударылуда. Қолданыстағы ішкі
мемлекеттік аудит жүйесінің қазіргі талаптарына сәйкес келетін шетелдік
тәжірибе негізінде ішкі мемлекеттік аудит органдарының қызметін ұйымдастыру
тәжірибесі қарастырылды. Аудиттің заманауи түсінігі мен дамуы
Ұлыбританиядан басталып, аудиттің отаны болып саналатындықтан,
Ұлыбритания елінің тәжірибесі қарастырылды. Мақала барысында теориялық
негіздер, статистикалық мәліметтер, заңнамалық және нормативтік ресми
құжаттар талданды. Талдау көрсеткендей, ішкі аудит жүйесін дамытудың ең
перспективалы тәсілдері тәуекелдерді басқару және бюджеттік жоспарлау болып
табылады. |
ru |