Аннотации:
Тіл білімінде синонимия бастапқыда тек лексикологиялық тұрғыда зерттеліп
келгендігі белгілі. Ғылымның даму барысында синонимия мәселесін тілдің барлық деңгейіне
қатысты қарастырудың қажеттілігі пайда болды.
Мақалада академик М.Серғалиевтің жалпы синонимия мәселесі, синоним және
синонимия, синонимика ұғымдарының аражігі, синонимдердің тіл деңгейлеріне қатысы, оның ішінде грамматикалық синонимдер туралы тұжырымдары сараланады. Синонимия
мәселесін морфологиялық және синтаксистік тұрғыда зерттеудің өзектілігі анықталады.