Аннотации:
Бұлттық инфрақұрылымды басқару күннен күнге күрделене түсуде, өйткені
деректер орталықтары аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету ресурстары тұрғысынан
жылдамырақ өсіп келеді. Сондықтан бұлттық инфрақұрылымды басқару және бұлттың жалпы
өнімділігін оңтайландыру үшін тиімді бұлтты бақылау жүйесі қажет. Сондықтан қазіргі таңда
бұлтты бақылау жүйесін құру өзекті мәселе болып табылады. Ол үшін ең алдымен оның негізгі
архитектурасын, тағайындалуын және қолданыстағы бар құралдарды зерттеу қажет. Сол себепті
бұл мақалада бұлтты қолданбаларды бақылаудың заманауи құралдары қарастырылып, талдау
жұмыстары жүргізілді. Бұл өз кезегінде бұлтты бақылау жүйесінің негізгі функциясын жетік
білуге мүмкіндік береді.