Аннотации:
Бұл мақалада Орталық Азия аймағындағы жаңа геосаяси
мәселері және қауіп-қатер жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің
аймақтық аспектілері талқыланды. Қазіргі уақыттағы қауіпсіздікке қауіп
төндіретін мәселелердің бірі, Талибанның билікті басып алуына байланысты
Ауғанстандағы қазіргі жағдайдың Орталық Азияның аймақтық және саяси
ортасына әсері талқыланады. Орталық Азияның аймақтық саяси
ерекшеліктерін түсіну арқылы, ең алдымен, аймақ мемлекеттері ұжымдық
ынтымақтастық тетіктерін құру арқылы аймақтың тұрақтылығын
сақтау үшін сындарлы іс-әрекеттерді қабылдаудың ерекше қажеттілігі
туындайды. Іс жүзінде өзара ынтымақтастықты тереңдету, өздерінің
ұлттық мүдделерін неғұрлым тиімді іске асыруды қамтамасыз ету
мақсатында бар даулар мен келіспеушіліктерді шешу үшін ымыраға келу
шешімдер бұл аймақта аса маңызды рөлді атқарады.