dc.description.abstract |
Биоалуантүрлілік конвенциясында (1992) түрлерді сақтау, зерттеу және
қорғау мәселелерін шешу экожүйелердің тұрақтылығының кепілі ретінде
қарастырылады. Біздің елімізде де биоалуантүрлілікті сақтау және биоресурстарды
тиімді пайдалану өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Саңырауқұлақтар басқа да
гетеротрофты ағзалар қатарында кез келген экожүйелердің қызметінде маңызды рөл
атқарады. Саңырауқұлақтар өсімдіктерге тәуелді, белгілі бір өсімдіктер
қауымдастықтарымен тығыз байланыста болатындықтан, өсімдіктер
қауымдастықтары да, өз кезегінде, саңырауқұлақтарсыз тіршілік ете алмайды. Зерттеу
нысанымыз қалпақшалы саңырауқұлақтарды биогеоценоздың маңызды бір бөлігі ретінде
қарастыру, олардың түрлік құрамына зерттеу жүргізбеу мүмкін емес. Зерттеу
аумағының көлемінде макромицеттер туралы ақпараттың жеткіліксіздігі тиісті
экожүйелерді жан-жақты әрі толық зерттеуге және жекелеген аймақтарда табиғатты
қорғаудың кешенді тәсілін жасауға кедергі келтіріп қана қоймай, сонымен бірге
саңырауқұлақтар географиясы мен олардың таралу заңдылықтарының жалпы мәселелерін
анықтауды қиындатады. Әсіресе Батыс Қазақстан облысының микофлорасы туралы
ақпараттың аздығы, тек эпизодты деректердің келтірілуі, осы аймақтың
микобиотасының зерттелу тарихын жан-жақты қарастыруды қажет етеді. |
ru |