dc.description.abstract |
Бұл мақалада Қазақстан Республикасының дамуына өз үлесін қосатын
адами капиталдардың бірі қарастырылған. Әдетте адами капитал десе біздің ойымызға қаржы,
байлық, ақша, құн, мұнай, газ және алтын сияқты бағалы заттар мағынасында түсінік келеді.
Бірақ, бүгінгі күні адами капитал дегеніміз адам бойындағы білімі, қабілеті, тәжірибесі,
даналығы, іскерлігі, бүгінгі бәсекелестік замандағы оның адамдық, кәсіби құндылығы. Ал бұл
мақалада нақтырақ айта кеткенде, жұмыссыздық, оның түрлері туралы қарастырылды.
Сонымен қатар, әйелдер мен жастар арасындағы жұмыссыздықтың пайда болу себептері және
жастар арасындағы жұмыссыздықтың қазіргі таңда азаю себептері қарастырылды. Кейбір
деректер салыстырмалы кесте түрінде де қарастырылды.Одан бөлек, елдегі жұмыссыздықты
азайтатын және де сапалы жұмыспен қамтамасыз ететін бірнеше бағыттар ұсынылды. |
ru |