Аннотации:
Тарихтың қай парағын ашып қарасақ та, салықтық жүйені реформалау
үнемі мемлекет, халық пен кәсіпкерлер арасындағы қатынастардың жаңарып, қайта құрылуы
үшін жауап берген. Жаңалықты жат көру адамзатқа тән нәрсе. Қай салада болмасын
цифрландыру жаһанданудың бір құралы ретінде, қоғамдағы қатынастарды күшейтуші қызмет
атқаруда. Цифрлық трансформация салық жүйесінде де болып жатқан және күтілетін
өзгерістердің көшін бастауда. Жаөандану мен цифрландыру қоғам, кәсіпкер, мемлекет деген
үш тараптың да мүдделерін қорғап, қажеттілігін қанағаттандыруға жағдай жасауда ма? Әлде,
кейбіреулер айтатындай цифрландыру үкіметтің басты кіріс көзі, өзіне тиесілі салықты
жинауына кедергілер келтіруде ме? Қандай қиындықтармен бетпе-бет келудеміз? Әрине
тосқауылдарсыз өзгеріс болмайды, жаңа жағдайда салық жүйесін реформалауда, оның тиімді
қызмет етуін қамтамасыз ететін принциптерді түзету мен объективті түрде бағалау қажет.
Мақсатымыз, экономика салаларын цифрландыру мен қоғамды сол жағалыққа
үйретудің, салық салудың барынша әділдігін зерттеу, қамтамасыз ету. Соның ішінде
Қазақстан Республикасында салық жүйесін цифрландыру процессі қалай жүріп жатыр, оның
салық салудың ауыртпалығын төмендету үшін қандай қызмет атқарып жатқанын талдау.
Салық салудағы түрлі мәселелерге қандай шешім тапқанын және қалай әсер еткенін зерттеу,
бағалау.