Аннотации:
Бұл мақалада Шығыс Қазақстандағы Алтай жотасындағы ішкі туризмның
экономикаға пайдасы туралы статитикалық мәліметтерге сүйеніп баға берді. Ал туризмның
экологиялық зияныда бар екен туралы экспедиция арқылы мәліметтер жинап, нақты
зерттеулер жүргізген. Пандемия кезінде Қазақстанда ішкі туризм ерекше жанданып,
Қатонқарағай, Алтай жотасына саяхаттау негізгі тренд маршруттардың біріне айналды.
Мұндағы инфрақұрылым белгілі деңгейде дамыған, туристік жолдар асфалтталғанымен, жаңа
тарам жолдар шығару, биік тауларға жақындап бару үшін саз батпақтарды кешіп өту, топырақ
жамылғысын зақымдау, қоқыстар тастау, көлдердің жағасына шеттен тыс шоғырлану қатарлы
келеңсіз жағдайлар белең алуда. Мақалада маршрут бойындағы экологиялық келеңсіз
жағдайларға жеке жеке талдау жасап, қортынды мәліметтер берген.