dc.description.abstract |
Қазiргi таңдағы жылу жүйелерiнiң алуан түрлiлiгi тұтынушылардың
қажеттiлiктерiн қанағаттандырады. Осы тұрғыдан алып қарағанда тұтынушылардың
таңдауы жылыту аумағының көлемi, орналасқан жерiнiң климаттық жағдайы және тағы басқа
көптеген жағдайларға байланысты. Зерттеу аумағы ерекше конструкторлық шешiмдердi iске
асырудың практикалық негiзiн және қызметiн қарастырады.
Берiлген жұмыс геотермалдық жылыту жүйесiнiң ерекшелiктерiн және оны
автоматтандыру тапсырмасының ерекшелiктерiн қарастыруға арналған. Осы жүйенi
қолдана отырып, жылу жүйесiнiң әмбебап және жоғары тиiмдi құралы ретiнде практикалық
қолдану тұрмыстын барлық салаларында кең көлемде қолданылу уақыт еншiсiнде. Аталған
бағыттағы зерттеулер негiзiнде, жылытудың геотермалдық әдiсiн, нейрондық желiнi қолдану
арқылы жаңа белеске шығару заман талабы.
Теориялық зерттеулердiң негiзiнде алынған нәтижелер сипатталды және
ұсынылды. Қарапайым тұрғын үйдi геотермалдық жылытудың моделi қарастырылып,
автоматтандырылған басқару жүйеснiнiң, нейрондық желiнi қолдану негiзiнде, инженерлi
техникалық тапсырма деңгейiнде конструкторлық шешiмдерi ұсынылды. |
ru |