Аннотации:
Елімізде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар жиі орын
алуда. Апат кезiнде халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргiзушi
объектiлердi қорғаудың әлеуметтік-экономикалық маңызы зор және алдын алу мәдениетiн
әрбiр нақты адамнан әлемдiк қоғамға дейiнгі барлық деңгейде көтеру қажет. Табиғи және
техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар - Қазақстан Республикасының орнықты
дамуына кедергі келтіре отырып, орасан зор әлеуметтік-экономикалық және экологиялық
залал тудырады. Мақалада апаттың орын алуы және климаттық өзгерістердің жергілікті
халықтың әл-ауқатына, күнделікті өміріне тигізетін ықпалын нақты жағдайды бағалай
отырып, шешу жолдарын ғылыми негіздеудің өзектілігі баяндалады.