Аннотации:
Қазiргi уақытта елiмiздiң өңiрлерiнде табиғи және климаттық жағдайларды
ескере отырып, заманауи талаптарға сәйкес келетiн тез бұзылатын тауарлардың сақталуын
жақсартудың нормативтiк және әдiстемелiк тәсiлдерi жетiлмеген. Осыған байланысты
тасымалдау, сақтау және қосымша қызметтердi ұсыну процестерiнiң экономикалық тиiмдiлiгiн
анықтауды қамтитын тез бұзылатын жүктердi жеткiзу және сақтау тиiмдiлiгiнiң бүкiл тiзбегiн
кешендi түрде бағалау үшiн нормативтiк талаптарды әзiрлеу қажеттiлiгi туындады. Бұл
мақалада қойма жұмыстарын ұйымдастырудың заманауи тәсiлдерi қарастырылып отыр.
Сонымен қатар қойма логистикасының әлемдегi және Қазақстан Республикасы деңгейiндегi
даму жолдары, Қазақстан Республикасының логистика саласындағы нормативтiк-техникалық
базасы мен елiмiзде тарату орталықтарының даму тенденциялары және проблемалары
қарастырылған. Зерттеудiң мақсаты-өнiмдердi сақтауды рационализациялау бойынша
нормативтiк құжаттарды жетiлдiру негiздерi.