Аннотации:
BIM жүйесiне құрылыс алаңы өндiрiстiк процесстерiн ұйымдастыру мен
басқару элементтерiн қосу бiздiң ел тәжiрибесiнде нақтылай қиыншылықтар бар. Олардың
негiзгi бiрi құрылыс өндiрiсi процесстердiң моделдеу деңгейлерiнiң төмендiлiгiнде және
құрылыс тәжiрибесiнде қажеттi деңгейде бағаланбауында. Көптеген құрылыс нысандарында
бұл жағдайлар формальдi түрде бейнеленуде және ондағы қиыншылықтар осы мәселелерге
тiкелей байланысты деп ойлаймыз. Ал экономиканы қайта құру кезеңiңде, яғни
экономикалық жүйедегi ұйымдық-технологиялық жағдайлардың да ылғи өзгерiстер кезеңiңде
инвестициялық жобалардың тәуекелдiлiгiн тек дисконттық әдiстермен есептеу жеткiлiксiз.
Себебi ол әдiстер экономикасы және экономикалық қатынастары, нормативтерi тұрақты,
ұйымдық мәдениетi және технологиялық деңгейi жоғары елдерде сәттi пайдалануда. Ал
даму жағдайындағы елдерде ұйымдық-технологиялық факторларды ескеру және олардың
инвестициялық жобаларды iске асыруға әсерлерiн бағалау қажет екендiгiн бүгiнгi күннiң
тәжiрибелерi дәлелдеп отыр. Мақалада осы мәселенi шешуге бағытталған эксперттiк әдiстi
қолданудың жолдары ұсынылып отыр.