Аннотации:
Бұл мақалада аралық жылу тасушысы бар гелийлi жылу өңдеу
кезiндегi темiрбетон құрылымында жүретiн жылу және масса алмасу процестерi және
олардың темiрбетон құрылымдарының физика-механикалық қасиеттерiне тигiзетiн әсерi
қарастырылған. Сонымен қатар өзiнiң жоғары экологиялылығы және қауiпсiздiгiмен
ерекшеленетiн гелиотехнологияны қарастырамыз. Гелиотехнологияның құрылыста қолданылу
өнiмдiлiгi және бұл технологияның экономикалық тиiмдiлiгi суреттелген.
Гелиотехнология қолданылатын барлық елдерде ол екiсатылы негiзде құрылады; алдымен
күн энергиясымен су немесе май қыздырылады, содан соң қыздырылғын сұйықтықтар
құбыр желi арқылы бетонды қыздыруға немесе қандай да бiр басқа мақсаттарға
берiледi. Энергетикалық тiзбекке аралық жылутасымалдағышты қосу технологияның ПӘКiн төмендетедi (50-70% -дан кем емес), көптеген қосымша жабдықтарды қажет ете отырып,
өндiрiстiк желiнi қиындатады және термоөңдеу құнын қымбаттатады.
Күн энергиясын пайдалану құрғақ ыстық климат жағдайларында бетондарды жылумен
өңдеудiң келешегi үлкен әдiсi болып табылады, оның мүмкiндiктерi әлi көп. Бүгiнгi таңда
гелиотермоөңдеу әдiстерiн, жаңа әзiрленiмдердi дамытуға және оларды өндiрiске енгiзуге
мүмкiндiк беретiн ауқымды зерттеулер қажет және бетондардың әртүрлерiне арналған
жабық цехтарда аралық жылутасымалдағышты пайдалану арқылы гелиотермоөңдеу әдiстерiн
дамыту өте маңызды.