Аннотации:
Зерттеудің мақсаты – салықтардың көмегімен ел бюджетін қалыптастырудың
проблемалық мәселелерін, салық жүйесінің қазіргі жағдайын және оны одан әрі дамыту мен
жетілдірудің ықтимал жолдарын қарастыру. Салық жүйесінің ұлттық экономикаға әсерін
сандық бағалау үшін мемлекеттің салықтық қамтамасыз ету көрсеткіштеріне талдау
жүргізілді. Қазақстандық салық жүйесінің проблемалық аспектілерін айқындайтын негізгі
жағымсыз факторлар анықталды, сондықтан салық түсімдерінің көлемін ұлғайтуға ғана емес,
сонымен қатар оларды бюджет деңгейлері арасында ұтымды бөлуге бағытталған жүйені
әзірлеу ұсынылды. Қазақстан Республикасының салық жүйесін жетілдіруге бағытталған
бірқатар ұсыныстар берілген.