Аннотации:
Бәсекеге қабілеттілікті бағалау әдістерінің көмегімен кәсіпорынның нарықтағы
орнын анықтау, осы саладағы бәсекелестерді бағалау, тиімді стратегияны әзірлеу, жаңа
нарықтарға шығу стратегиясы және т. б. сияқты міндеттердің шешу жолдары
қарастырылды. Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың белгілі әдістерін (SWOT бойынша
талдау және т.б.) пайдалана отырып, қызметке стратегиялық талдау жүргізілді. Тұрмыстық
техника саласы бойынша «Samsung» және «Apple» кәсіпорындарының бәсекелестік
артықшылықтары зерттелді. Жүргізілген зерттеулер негізінде кәсіпорынның бәсекелестік
позицияларын нығайту бойынша қорытындылар мен ұсыныстар жасалды. Зерттеудің
мақсаты- тұрмыстық техника саласындағы нақты кәсіпорындар мысалында SWOT талдау
арқылы бәсекелестік қабілеттілігін анықтау және жетілдіру жолдарын ұсыну. Зерттеу
объектісі- тұрмыстық техника саласындағы кәсіпорын.