Аннотации:
Мақалада Қазақстандағы қазіргі инклюзивті экономикалық даму
жағдайындағы ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етумен байланысты
басқарудағы басым бағыт ретінде қаржылық сауаттылық қарастырылған. 2020-2022 жылдар
бойынша қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жүргізген әлеуметтік зерттеу
нәтижелері көрсетілген. Зерттеу нәтижелерінің қортындысы бойынша Қазақстанда әлі де
меншікті қаражатты басқару және қаржылық алаяктыққа бой алдыру бойынша
мәселелердің өзектілігі байқалған және оған дәлел ретінде 2018-2022 жылдардағы несие
көлемі мен 2020-2022 жылдардағы халықтың несиелік жүктемесі талданған. Мәселені
шешуде шетелдік тәжірибелерді қолдану, яғни қаржылық сауаттылықты білім беру
бағдарламасына енгізу бойынша ұсыныстар жасалған.