Аннотации:
Бұл мақала кәсіпорындағы кадр саясатының сипаттамалық ерекшеліктерін зерттеуге
арналған. Кез-келген ұйымның ең үлкен активі бұл мекеменің алдында тұрған мақсаттары
мен міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін адам ресурстары болып табылады.
Зерттеудің мақсаты кәсіпорындағы кадр саясатының тиімділігі еңбек өнімділігін
қаншалықты арттыра алатынын анықтау, кәсіпорынның өсу процесінде адам ресурстарын
оқыту мен дамытудың тиімділігін анықтау, кадр саясатының дамуы кәсіпорынның
табыстылығына қандай да бір елеулі әсер ететінін анықтау. Зерттеу мақсаттарына жету
үшін деректер бастапқы және қайталама көздерден жиналды.
Мақала зерттеп жазу барысында аналитикалық және статистикалық әдістер
қолданылды.