Аннотации:
Бұл мақала Қазақстандағы инфляция деңгейін қарастыруға арналған.
Себебі, инфляция деңгейі экономикалық ахуалға әсер ететін бірден бір фактор. Елімізде
инфляция жылдан жылға арту үстінде. 2022 жылы шарықтау шегіне жетіп, 20,7% құраған
болатын. Ұлттық статистика мәліметтеріне сүйене отырып, азық-түлік және де тұрмысқа
қажетті заттардың бағаларының 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда қаншалықты
өскендігін қарастырған болатынбыз. Инфляция әсерінен негізінен елде экономиканың 4
объектісі зардап шегетіндігін зерттедік. Мақалада осы инфляция деңгейінің өсу себептері,
оларды шешу жолдары қарастырылады. Қазақстанның инфляция деңгейін төмендету
мақсатында қолданған стратегиялық жобаларының: бағалар мен жалақыны мемлекеттік
реттеу; пайыздық мөлшерлемелерді реттеу; салық жүйесін жетілдіру және бюджетке
түсетін салық түсімдерін ұлғайту бағыттары туралы айтылып кеткен.