Аннотации:
Зерттеу жұмысының мақсаты ұлттық экономиканың тұрақты дамуын
қамтамасыз етудегі, шағын және орта бизнестің маңыздылығын анықтау. Зерттеу жұмыста шағын
кәсіпкерліктің маңыздылығына және соңғы 3 жылдағы деректердің ұлттық экономикадағы, ТМД
мемлекеттеріндегі негізгі көрсеткіштерінің өзгеру динамикасына көп көңіл бөлінеді. Өзгерісті
сандық тұрғыда бағалау үшін аналитикалық көрсеткіштер – ауытқу және өсіңкілік көрсеткіштері
пайдаланылды. Салыстыру мақсатында әр жылдағы деректерді пайдаланып графикалық түрде
бейнелеу пайдаланылды және әр кестеден соң талдау жүргізілді.