dc.description.abstract |
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім
беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Еліміз осы кезеңде білім
беру жүйесінің алдына оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып
отыр. Сол себепті жаңартылған білім беру жүйесінде оқыту үрдісіне
дидактикалық платформаларды, жаңашыл технологияларды және жаңашылмұғалімдердің оқыту үрдісіне әртүрлі әдістердің енгізілуі қарастырылған.
Оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың көмегімен білім
алушылардың оқу материалдарын толық меңгеруіне мүмкіндік жасайды.
Жаңашыл білім беру жүйесінің қағидасы – бәсекеге қабілетті маман дайырлау.
Жаңа заманның оқытушысы – педагогикалық дағдылары бар, білім
алушыларды шыңдай алатын, бағыт-бағдар беретін шығармашыл және
құзіретті тұлға болып табылады. Заманауи ғылымда жетекші орын алатын оқутәрбие үрдісі білім алушылардың бойына білім, білік, дағдыны беруге, жеке
тұлғаны, азаматтықты қалыптастыруға бағытталған. |
ru |