Аннотации:
Бұл жұмыста Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жағдайында
қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеудің өзекті мәселелері талқыланады. Сондай-ақ, мақалада
қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеу және оны Қазақстан Республикасында қолдану бойынша
шетелдік тәжірибеге шолу жасалады. Автор қазіргі заңнаманы қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық
әдістерін реттеу тұрғысынан талдап, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және оны
қолдану тәжірибесін жетілдіру бойынша ұсыныстар берді.