Аннотации:
1931-1933 жылдардағы ашаршылық Қазақстан халқына есепсіз шығын
әкелді. Аштықтың зардабын тартқан халық басқа елдерге пана іздеп, босып кетті.
Көптеген ауылдарда өлген адамдардың көмусіз сүйектері ғана қалды. Бұл ашаршылық
Қазақстанның демографиясына кері әсерін тигізді. Аштықтың тарихы тек
статистикалық өлім-жітім көрсеткіштерімен ғана шектелмейді, қорқынышты
сандардың артында адамдардың тағдыры тұр. Авторлар қазақстандық апат
кезеңіндегі қазақ ауылымен рулық-иерархиялық қатынастардың өзгеруін көрсетуге
тырысты.
Мақалада 1931-1933 жылдар аралығында Қазақстанда болған ашаршылық зардаптарына,
қазақ ауылдарының әлеуметтік жағдайы мен аштықты ауыздықтаудағы үкіметтің
іс-шаралары нақтыланады.Ұлт зиялылары мен азаматтардың аштыққа қарсы ісәрекеті баяндалады.
Ашаршылық тарихына қатысты құжаттар қазақ руының, қазақ отбасының, қазақ
ауылының аффективті қоғамдық санамен айқындалған бейімделу тәжірибесінің
бірегей беттерін ашады.
Авторлар экстремалды жағдайдағы халықтың мінез-құлық әрекеттеріне талдау
жасады. Авторлар оған азық-түліктің балама көздерін іздеуді, жеке мінез-құлықтың
қоғамға қарсы және деструктивті құбылыстарын, аштық агрессиясын да жатқызады.
Қазақ отбасы мінез-құлқы әрекетіндегі балалар мен қарттарды тастап кету,
туыстық байланыстардың ыдырауы, каннибализм, некрофагия сияқты өзіне тән емес
асоциалды түрлері анықталды. Отбасылық және рулық жад ауыр соққылыжайттар,
ашаршылық оқиғасын сақтап қалды.