Аннотации:
Ұсынылып отырған мақалада DDS технологиясын пайдалану арқылы
орнатылған бұрғыланып толтырылған қадалардың эксперименттік және есептік
көтергіш қабілеттерінің көрсеткіштерін, статикалық сынау мен нормативтік
есептеулер бойынша салыстырылған. Сондай-ақ Drilled Displacement System (DDS)
әдісі бойынша орналастырылған қадалардың айналасындағы топырақ үлгілерінің
компрессиялық сынау нәтижелері ұсынылған. Деформация модулінің, ішкі үйкеліс
бұрышының және ілінісу сияқты топырақтың деформациялық қасиеттерінің
бұрғыланып толтырылған қаданың диаметріне тәуелділігі анықталды. DDS
технологиясын пайдалану арқылы орнатылған бұрғыланып толтырылған
қадалардың бүйір бетінің топырағының жұмыс шартының коэффициенті, дәстүрлі
және ұсынылып отырған DDS әдісі бойынша орналасқан бұрғыланып толтырылған
қадалардың сандық модельдеу нәтижесі негізінде алынған. DDS инновациялық
технологиясының сипаттамасы, бұрғылау шнегінің бұрғылау және топырақты
ығыстыру кезіндегі жұмысының түсіндірмелері мен жалпы жоғарыда аталған
технологияның артықшылықтары мен оның экономикалық тиімділігі көрсетілген.