dc.description.abstract |
Цифрлық экономикаға көшуге байланысты мемлекеттік
сектор ұйымдарында ішкі қаржылық аудит субъектілерін ұйымдық-әдістемелік
қамтамасыз етуді дамытуға байланысты құрылымдық өзгерістер мен
теориялық, әдістемелік және практикалық мәселелердің жиынтығы ғылыми
зерделеу үшін өзекті және неғұрлым қызықты болып табылады.Мақала
мемлекеттік аудит, аудиторлық қызмет түсінігі, сондай-ақ мемлекеттік
аудиторлық қызметті ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі тақырыбына
арналған. Мақалада Канада, Ұлыбритания, АҚШ, Жаңа Зеландия және
Австралия секілді мемлекеттердегі аудиттің жүзеге асырылу сипаттамасы кесте
жүзінде көрсетілген.Сонымен қатар жалпы түрдегі АҚШ мемлекетіндегі аудит
жүйесінің ұйымдастыру құрылымы көрсетілген. Халықаралық кәсіби
стандарттар ұсынымдарына сәйкес ішкі аудитті жүргізу бағыттары бойынша
қысқаша мәліметтер ұсынылады. Ішкі аудит ішкі бақылаудың құрамдас бөлігі
болып табылады және ішкі аудит сенімді экономикалық ақпарат алуға
мүмкіндік беретін өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. |
ru |