Аннотации:
Мемлекеттік аудитті мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу
мақсатында елімізде қолданыста болған қаржылық бақылау жүйесі
реформалауға ұшырады. Осыған орай мемлекеттік аудитті қаржылық
бақылаумен интеграциялау нәтижесінде жаңа мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау жүйесі қалыптасты.Бұл мақалада Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдар
жүйесінің ұйымдастырылуы, яғни мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау
органдарының жіктелуі, әр органның мемлекеттік аудит типіне байланысты
құзыреттіліктері, органдардың бюджет деңгейіне байланысты жіктелуі
қарастырылған.Сонымен қатар, бұл мақалада шетелдік және отандық ғалым
экономистер ұсынған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін және
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесін
ұйымдастырудың балама тәсілдері қарастырылды.