Аннотации:
Мақалада альтернативті жанармайлардың қолданыстағы түрлеріне жан
- жақты талдаулар жүргізіліп, оның ішінде химиялық – физикалық қасиеттеріне
терең зерттеулер жасалды. Зерттеу нәтежиесінің қорытындысы бойынша диметил
эфирі таңдалынды. Диметил спиртінің белгілі бір мөлшерін дизель жанармайымен
араластырып және пайда болған қоспаны пайдаланған кезде қозғалтқыш жұмысын
бағалау үшін сызықтық регрессия талдау әдісі қолданылды. Сызықтық регрессия
коэффициенттерінің мәндерін табу техникалық есептеу мәселелерін шешуге
арналған қолданбалы бағдарламалар пакетінің (MATLAB) көмегімен жүргізілді.
Зерттеулер нәтежиесі диметил эфирінің үштен бір бөлігін дизель отынына қосу
дизельді қозғалтқыштардан шығатын қалдық газдардың көрсеткіштерін төмендету
үшін ең тиімді қоспаның үлесі екенін көрсетті. Қалдық газдар көрсеткіштерінің
төмендеуі экологиялық көрсеткішткердің жақсаруына алып келеді.