dc.description.abstract |
Автор мақалада медиа мен мәдениеттің үйлесімділігін, қоғамдағы БАҚ мәдениетінің рөлі мен аспектілеріне талдау жасаған. Ақпарат ғасырындағы медиамәдениет қызметі басты феномен ретінде қарастырып, отандық және шетелдік нақты мысалдармен айқындай түскен. Адамдар
арасындағы мәдениеттің маңыздылығын ескере отырып, қоғамға мәдениетті медиатехнологиялар
арқылы жеткізудің кемшіліктері мен артықшылықтарын атап өтеді. Медиа кеңістіктегі ұлттық мәдениеттің әрбір мемлекет үшін басты құндылық екенін негізге ала отырып, қоғам санасына ықпал
ететін, қоғам қажеттілігін өтейтін немесе психологиялық манипуляция жасайтын, қабілеттілігі сан
алуан субъектілері бар ықпалдық күш ретінде талданады. Сондай-ақ, автор шетелдік зерттеушілердің
теориялық материалдарын негізге ала отырып, өзіндік қорытынды жасайды.
Мәдениеттің этимологиясына сипаттама жасап, мысалдар келтіріледі. Барлық зерттеушілердің тұжырымы сәйкестеніп, мәдениет тарихы тактилді, ауызшадан жазбаша және дыбысты-бейнелілікке дейін коммуникация түрлерінің барлығымен үйлесімді екеніне түсініктеме береді. Әрбір
заманда жаңа мәдениеттің жетекші формаларын қалыптастыратындығын, медиатехнологиялардың
қоғамның қажеттіліктерді тиімді қанағаттандыратындығына талдау жасайды. Яғни, утилитарлы функциялардың тұрғысынан, олардың әлеуметтік бағасымен де ең қолайлы болып табылатындығын қарастырады. Мұндай жағдайда әлеуметтік баға коммуникацияға балама болып табылады, өзара түсіністік
пен қоғам мүшелерін біріктіру деңгейіне тең келетіндігін сипаттайды. |
ru |