dc.description.abstract |
Қазақстанда ХХ ғасырдың отызыншы жылдары қолдан жасалған ашаршылық
құрбандарын ұмытуға болмайды. Өйткені бұл тұтастай ұлттың басына күштеп таңылған нәубет
еді.1931-1933 жылдары республиканың алты миллион халқының 2,5 миллионы қырылып қалды.
Аштықтан, билік тарапынан болған қуғын-сүргіннен қашып, 1 миллион адам шет елдерге өтіп кетті. Ғалымдардың айтуынша, ашаршылық қазақ халқының дамуын 110 жылға кейін шегерген. Бірнеше жыл қатарынан орын алған, дүркін-дүркін қайталанған ашаршылық зұлматынан ұлтымыздың
əбден сансырағаны сөзсіз. Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ə. Назарбаев: «Егер ашаршылық болмағанда біз қазір 45-50 миллион халық болып отырар едік», - дейді. Кеңес үкіметі тұсында, зұлмат
кезең жайындағы ақиқатты айтуға тыйым салынған еді. Алайда, еліміз егемендігін алған тұстан
бастап, тарихшылар, саясаттанушылар, зертеушілер және журналситтер тарихтың бізге беймәлім
тұстарын зерттеп, тың деректер ұсынып, жоғалғанымызды қайта жаңғыртты. Ресми деректерге сүйенсек, ашаршылық кезінде қазақ халқы 2 миллион 500 мыңға жуық тұрғынынан айырылды. Бұл көрсеткіш мұнан да көп болуы бек мүмкін.
Ел басына туған нәубет жылдардың өзге де зардаптары жөнінде жас ғалымдар әлі де ізденіп, тарихтың ақтаңдақ беттерінің сырын ашатыны сөзсіз. |
ru |