Abstract:
Кеңістіктік қамту деңгейінің метрлік бірліктен бірнешекилометрге
дейінгі мүмкіндігі бойынша ЖҚЗ спектрінің кеңеюі орындалатын көптеген тапсырмалардың
санын күрт арттыруға мүмкіндік береді. Ауа, су, топырақ, өсімдік және хайуанаттар әлемі,
әртүрлі пайдалы қазбалар жататын Жердің табиғи ресурстарын зерттеумен қатар,
топографиялық картографиялаумен әртүрлі көлемдегі топографиялық карталарды
жаңарту ықтимал болды. Бұған ғаламдық жерсеріктік жүйесін (GPS) құру да ықпал етті.
ЖҚЗ-ның сан алуан түрлері Жерде болып жатқан жаһандық өзгерістерді анықтау бойынша
ғылыми міндеттерді шешу кезінде кеңінен қолданыла бастады.Компьютерлік
технологиясының дамуы және ЖҚЗ-ы деректерін жинау, өңдеу мен ұсыну ғарыштық
түсірістерді пайдалану нарығының кеңеюіне ықпал етті.