Аннотации:
Мақалада саяси жүйе мен саяси коммуникация ақпараттық қоғамда бір-бірімен
тығыз байланыста дамитыны көрсетілген. Автор бұл процестер күрделене келе қоғамдағы ашық пікір мен шынайы ақпарат таратуға жақсы мүмкіндіктер туғызады деген тұжырым жасайды.
Саяси коммуникация жүйесі үшін ақпараттық қоғам мүмкіндіктерін тиімді қолдануға болады. Ақпараттық қоғамда саяси коммуникация үшін мүмкіндіктер де мол, қиындықтар да бар.
Саяси коммуникациядағы басты мәселе адамға қажетті ақпарат беріп отырып, оның санасына әсер
ету. Саяси партиялар мен билік те қоғамдық пікірді өздерінің пайдасына жақын етіп қалыптастыру
үшін түрлі ақпараттық технологияларды қолданады.
Автор өз мақаласында қазіргі бұқаралық коммуникацияның саяси процестерге ықпалын
талдайды. Қоғамның саяси жүйесі қалыпты жұмыс істеуі үшін оған коммуникациялық құралдар
керек. Саяси жүйе коммуникацияға тәуелді және демократияның дамуына жаңаша коммуникациялық ресурстар қажет екенін көрсетеді.