Аннотации:
Бұл мақалада жер бетіндегі «Ковер/Астана»ғарыш-физикалық кешенінің сипаттамасы
ұсынылған. «Ковер/Астана» ғарыш-физикалық кешені Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университетіндегі физика-техникалық факультетінде пайдалануға ұсынылған.
Детектормен тәжірибелік деректерді өңдеу мен талдау Күн жарқылымен қатар Күн
тыныштығы кезінде де жүргізіле береді. Детектор Күннің осындай жағдайында ғарыштық
сәулелердің ағын қарқындылығы мен олардың энергетикалық спектрін тіркей алады.
«Ковер/Астана» ғарыш-физикалық кешені Астана аумағындағы жер беті шарттарында ауа
райы жағдайын бақылауға мүмкіндік береді.