Аннотации:
Ақпараттық коммуникативтік құралдардың технологиялық әлеуетінің өсуі психологиялық факторлардың адамға қарама-қайшы ықпалын күшейтіп жіберді. Ғылыми-техникалық
прогресс ақпараттың таралу жылдамдығын еселеп, оның сапасы мен мазмұнын өзгертуде.
Адамзат баласы өз тарихында бірнеше технологиялық серпіліс кезеңдерінен өтті. Мақалада тарихи және әлеуметтік-экономикалық өлшемдермен сипатталатын кезеңдер мен серпілістердің
сипаты талданған.
Цифрлық технологияларға негізделген құралдар, биотехнологиядағы жаңалықтар, жасанды
интеллект адам баласының өмірін прогресс жолына бастайтындай көрінеді. Автор осы тұжырымның қаншалықты дұрыс екенін зерттеуге көңіл бөлген. Технологиялық өрлеу әлеуметтік, мәдени,
рухани проблемаларды өршітуі мүмкін деген гипотеза ұсынады. Адам санасына тиімді ықпал ету
тетіктерін зерттеген ғылыми тұжырымдар өмірге келе бастады. Әлеуеті жоғары коммуникациялық
құралдар өз аудиториясын кеңейтіп, жарнамалық кірістерін ұлғайту үшін тиімді психологиялық
тәсілдер іздеуде.
Мақалада техникалық прогрестің адамзатқа беретін мүмкіндіктерімен бірге қауіптері де сарапталған. Теріс мазмұндағы ақпараттың жастар мен балаларға зиянды ықпалы күшейіп келеді. Автор бұл қауіптерге мемлекет пен қоғам бірлесіп тосқауыл қоюлары тиіс деген тұжырым жасайды.