Аннотации:
Мақалада трансмедиалық баяндаудың тұжырымы мен сипаттары, трансмедианы медиа кеңістікте қолдану жолдары зерттелген. Ақпараттық технологиялар мен
жаңа медиалар жүйесін жетілдірудегі рөлі сарапталады.
Мақалада трансмедианың теориялық тұжырымдары мен қағидалары талданып, ақпараттық-коммуникациялық саланың даму кезеңдеріне қатысты жүйелі сараптаулар жасалған.
Қоғамның ақпараттық коммуникативтік әлеуетін өсіруге қажетті ұсыныстар берілген.
Ғылыми мақалада трансмедиа технологиялары мен коммуникациялық ортадағы
көріністері; трансмедиалық стратегияның маңыздылығы мен аудиторияға әсері; интерактивті медиалар қызметінің әлеуметтік аспектілері жүйеленіп, сарапталған.
Автор коммуникативтік үрдістердің даму жолдарын анықтап, болжауға тиімді әдістемелер қолданған. Мақала трансмедиалық сторителлинг технологияларының ғылыми тұжырымдарын игеру мен ақпараттық-технология заманында ұлттық ерекшеліктерді
сақтап қалу үшін, адам пен қоғамның дамуын қамтамасыз ету бағытында жаңа ғылыми
ізденістерге көмегін тигізеді деген ниетпен жазылған.