Аннотации:
Журналистиканың трансформацияға ұшырауына цифрлану, яғни технологиялық
фактор мен ғаламдық интернет желісінің пайда болуы әсер етіп отыр. Коммуникацияның жаңа арнасының пайда болуы журналистика функциясына да өзгерістер әкелді. Бұқаралық коммуникациядағы технологиялық жаңалық журналистиканың әлеуметтік функциясына да әсер етті. Жаңа технология бұқаралық ақпарат құралдарын ғана емес, Қазақстан қоғамын да жүйелі түрде жаңа деңгейге
көтерген механизм болды.
Жаңа коммуникациялық технологияның әсері бір жақты емес. Жаңа және дәстүрлі құралдардың қақтығысы журналистика құндылықтарына жаңа көзқарас қалыптастырды. Материалдық,
заттық тасымалға негізделген бұрынғы журналистикаға қарағанда цифрлық дәуірде өзгерістердің
әсері анағұрлым терең. Технологиялық төңкерістің бұрынғылардан айырмашылығы ақиқаттың виртуалды әлемге көшуі, интерактивтілік пен жаһандық сипат алуы. Бүгінде ақпарат тарату әдістері
ғана емес, оны қолданушы орта да ауысты. Жаңа жағдайға бейімделген Қазақстан журналистикасы ақпарат таратудың кез-келген түрлеріне эксперимент жасауда.
Мақалада цифрлық технологияның қазақ баспасөзіне әкелген жаңалығы талданған, бүгінгі күн тұрғысынан баға берілген.