Аннотации:
Мақалада М. Шоқайдың қайраткерлік тұлғасын тану және ұлт тарихындағы саяси көзқарастарын бүгінге жеткізген ғылыми еңбектер жайлы сөз етіледі. М. Шоқайдың өмірі мен
шығармашылығы туралы ғылыми еңбектеркезеңдік тұрғыдан қарастырылады. Шоқайтанушы ғалымдардың ізденістері мен мұрағат материалдары жайлы мәліметтер келтіріледі.
М. Шоқай мұраларының саяси, әлеуметтік мәні айқындалып, шығармашылығы жанрлық
тұрғыдан талданады.
Сонымен бірге әр жылдары баспасөз ісін ұйымдастыру мен қоғамдық-саяси көзқарастарын
айқындайтын мақалалары, хаттарының проблемалық қырлары сөз етіледі. М. Шоқайдың «Бірлік
туы», «На рубеже», «Йени Түркістан», «Яш Түркістан» басылымдарында жасаған қызметі мен
мақалаларына шолу жасалады. Қайраткер публицистің хаттары мен олардың мазмұнына байланысты көзқарастар мен пікірлер сарапталады.