Аннотации:
Мақалада Ж. Роулиңнің «Хәрри Поттер және пәлсапа тас» көркем
шығармасындағы гастрономиялық аспектісі тұрғысынан тағам-сусын атауларының қазақ
тіліндегі аудармасы қарастырылды. Дәстүрлі ағылшын тағамдарын білдіретін белгілі бір
ұлттық сипаттағы лексемалардың қолданылу жиілігі туралы, олардың қазақ тіліне
аударылу ерекшеліктері туралы ақпарат берілді. Соңғы онжылдықда әлемнің
гастрономиялық бейнесін көп қырлы зерттеу, лингвомәдени және аударма аспектілеріндегі
гастрономиялық өнімдерді кешенді талдау үрдісі белсенді дамып келеді. Әртүрлі елдердің
танымал әдебиеттерінде тамақтану әдеттері мен тамақтану дәстүрлері туралы
сипаттамалардың айтарлықтай санының болуы бұл тақырыптың ұлттық мәдениетті көп қырлы құбылыс ретінде зерттеу контекстінде маңыздылығын көрсетеді және, атап айтқанда, кең ауқымды мүмкіндіктер береді. «Тағам» түсінігін жан-жақты зерттеу
адамдардың белгілі бір тобына тән тағамдық дәстүрлерді мәдени-тарихи талдаумен
ұштасады.