Аннотации:
Жаңа медианың қарқынды түрде дамып жатқаны түсінікті. Ақпарат агенттіктері
ашылып, әлеуметтік желілер арқылы ақпарат жедел тарайтын болды. Сондықтан дәстүрлі медианың дамуы да алаңдататыны сөзсіз. Дегенмен телеарна мен радионың және газет-журналдардың
өздерінің аудиториясы бар. Бірқатар азаматтар әлі күнге дейін тыңғылықты тексерілген ақпаратты
телеарна арқылы көргісі келеді, тағы басқалары газеттің исін аңсайтыны рас. Сондықтан біз үшін
дәстүрлі деп есептелетін бұқаралық ақпарат құралдарын қалай дамытуға болады? Әсіресе аймақта
орналасқан телеарналардың трансформациясы аясында нендей дүниелерге назар аударғанымыз
жөн? Осы сұрақтар өңірлердегі медиа менеджерлерді толғандыратыны белгілі.