dc.description.abstract |
“Аударма” – көпмағыналы сөз. Ол, біріншіден, бір тілді екінші бір тілде
сөйлету үрдісін білдірсе, екіншіден, осы тілде айтылғанның/жазылғанның келесі тілге қалай
жеткенін, яғни іс-әрекеттің нәтижесін, өнімін білдіреді. Ғылыми әдебиеттерде
аударманың аталмыш бұл екі сипатын бөліп қарау бар. Бұл, біздің ойымызша, дұрыс емес
сияқты, өйткені, ең алдымен, бұл екі ұғым (үрдіс пен оның өнімі) әрдайым өзара тығыз
қатыста, ажыратуы қиын байланыста болады: үрдісі десек,оның нәтижесі алдын-ала
өзінен-өзі ұйғарылып отырады. Егер аудару іс-әрекетінің кезеңдері мен жекелеген сәттері
белгілі болса, оның өту барысының сипаты арқылы түпкі нәтиже болатын тілдік
туындының белгілі бір ерекшеліктерін түсіндіруге болады. Не болмаса, керісінше,
аударудың нәтижесіндегі өнім мен түпнұсқа мәтіннің байланыстарының ерекшеліктеріне
сүйеніп, аудару үрдісінің мәтіннің байланыстарының ерекшеліктеріне сүйеніп аудару
үдерісінің қозғалысы, қалай өткерілгені туралы ұйғарым-тұжырымдар жасауға болады. |
ru |