Аннотации:
Мақалада Қазақстан тұрғындарының «Хабар» арнасын медиатұтыну ерекшеліктерін айқындауға арналған зерттеу нәтижелері қарастырылды. Зерттеу мақсаты
– тұрғындардың медиаталғамын анықтауға бағытталды. Бұқаралық ақпарат құралдарының аудиторияға ықпалын зерттеуде негізгі коммуникация техникалық құралдарына қолжетімдіктен бастап, түрлі ақпарат көздеріне сенімділік деңгейі, ақпараттық тақырыптарды
таңдау сарындары, түрлі дереккөздерін белсенді қолдану амалдарын қарастыру, әлеуметтік
желілелерді таңдау мен белсенділігі зерттеу жұмысының басты міндеттері саналды. Әлеуметтік зерттеудің «Хабар» агенттігінің қоғамдық даму стратегиясын анықтаудағы орнын
айқындау жұмыстың ғылыми және қолданбалы маңызы саналады. Зерттеу жұмысында
қолданбалы әлеуметтік зерттеу әдістері қолданылды. Жұмыстың методологиялық негіздеріне сандық және сапалық зерттеулер, атап айтқанда, тұрғындар арасындағы бұқаралық
сауалнама, фокус-топтық талдаулар жатады. Сауалнамада демографиялық, гендерлік, жас,
этникалық және әкімшілік ерекшеліктеріне қатысты анкеталық, фокус-топтық зерттеулер
жүргізілді.
Зерттеу жұмысының нәтижелері көрсеткендей, «Хабар» аудиториясының медиаталғамына, ақпаратқа қолжетімдік және қоғамдық көзқарастарына қатысты бұқаралық ақпарат
көздерін пайдалану рейтингісі және сенімділік деңгейі анықталатынын дәлелдеді. Зерттеу
жұмысының нәтижелері БАҚ аудиториясын және әлеуметтік журналистика мәселелерін
зерттеуде практикалық маңызды.