Аннотации:
Мақалада буллингке қатысушылардың әлеуметтікпсихологиялық портреттері және олармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктерін
айқындаудың маңыздылығы сипатталған. Буллинг жасөспірімдердің мәселесі
болып табылады, өйткені бұл жас санаты қоршаған ортаның әсерінен аз
қорғалған. Сондықтан жасөспірімдер басқаларға агрессорлар қолданатын
қысым туралы айтуға қорқады, соның салдарынан ол тұйықталады, қорқыныш
пен дүрбелең сезімі пайда болады. Осыған байланысты мектепте
жасөспірімдермен және мұғалімдермен жұмыс жасай отырып оның алдын алу
жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ буллингтің пайда болуына уақтылы жауап
беру үшін жсөспірімдердің сыныптағы мінез-құлықы мен басқа орталардағы
қарым-қатынас орнату атмосферасына үнемі бақылау жасау қажеттілігі
ескеріледі.