Аннотации:
Мақала мазмұнында кибербуллингтің алдын-алудың
алғышарттарының бірі ретінде желілік коммуникативтік мәдениетті
қарастырудың маңыздылығы сипатталады. Кибербуллингке қатысушылардың
психологиялық бейнесі мен буллингтік әрекетке бару себептері нақтыланып,
оның көріну формалары мен салдарына талдау жасалады.Желілік
коммуникативтік мәдениетті арттыру арқылы кибербуллингтің алдын-алудың
мүмкіндіктері қарастырылады.