Аннотации:
Бүгінгі таңда буллинг өте кең таралған мәселе. Мектептегі
жасөспірімдер психологиялық зорлық-зомбылықтың бұл түрімен жиі
кездеседі. Орта және жоғары сыныптарда жасөспірімдер, әдетте, ортасында
достарының мақұлдауы мен қолдауын қажет етеді. Бұл қажеттілік қорқытудың
ықтимал «құрбандарын» психологиялық қорлау жағдайында одан да осал
етеді. Ақпараттық технологиялар мен басқа да байланыс құралдарының
дамуымен буллинг шынайы өмірден интернетке өтті және ол-кибербуллинг
деп аталады. Мақалада мектептің педагогикалық құрамы арасында
буллингпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру қажеттілігі және буллинг
пен кибербуллингтің алдын-алу процесінде білім беру мекемелері
басшылығының рөлінің маңыздылығы туралы айтылады. Мәселені одан әрі
зерделеу және оқушылар арасында буллингтің пайда болуы мен дамуын
болдырмауға бағытталған алдын-алу шараларын әзірлеу қажеттілігі
негізделеді.