dc.description.abstract |
Ақпарат таратудың жылдамдығы мен сенсациялы болуын талап ететін
бұқаралық медиа саласына дата журналистика әсер етіп, дүниені жайлаған технологиялық төңкерістің бір тетігіне айналды. Соңғы он жылда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың айтарлықтай қарқын алуы себебінен журналистика ілімін
зерттеушілер ең инновациялы деп айтуға болатын «деректерге негізделген журналистика» саласына айырықша көңіл бөле бастады. Өйткені бүгінгі таңда журналистен
өз мамандығының қыр-сырын білуімен қатар, дизайн және ақпараттық технологиядан
да біліктілік талап етілуде. Сонымен қатар, көп деректермен және статистикалық
мәліметтермен жұмыс істеуге тура келуде. Әлем елдерінің көпшілігінде журналистер
мен сарапшылар осы салаға тән құралдар мен ерекшеліктерді пайдалана отырып, күніне жүздеген материал жазып жатыр. Сол себепті деректер журналистикасының даму үдерісін үнемі қадағалап отырған абзал. Бұл ретте қазақстандық дата журналистикада да ілгерілеу байқалады. |
ru |