Аннотации:
БАҚ билік пен халық арасын байланыстырушы ғана емес, төртінші билік
өкілі саналады. Бүгінде ақпарат алмасу саласында тұрақты жүйелі қызмет етіп келе
жатқан баспасөз құралдары жетерлік. Олардың ішінде оқырманның мәдени өмірінің
рухани азығына айналған ұлттық баспасөзіміз қай мәселенің басын шалса да, қоғамның
салт-санасына тигізер әсері зор. Гендерлік теңдікке қол жеткізуде қазақ баспасөзіне
қоғам жағдайының ең сезімтал индикаторы ретінде ерекше рөл беріліп, зерттеу мақаласының бүгінгі күннің өзекті де, маңызды тақырыпқа құрылғандығы айқындалады.
Зерттеу мақаласында ХХ ғасырдың басындағы алғашқы әйел басылымдарының шығу
және қалыптасу тарихына шолу жасалып, ондағы әйел қаламгерлердің жарық көрген
көркем еңбектері мен оның тақырыптары ғылыми негіз ретінде назарға алынған. Басылымдарда гендерлік теңдік мәселесінің берілуі және жазылуы жиілігі мен ерекшеліктері анықталып, материалдарды талдау парадоксалды тенденцияларды негіздейді.