DSpace Repository

Цифрлы технологиялардың жаңалықтар қызметіне әсері

Show simple item record

dc.contributor.author Жұматаев, Е.Б.
dc.contributor.author Әуесбай, Қ.
dc.date.accessioned 2023-06-07T06:57:40Z
dc.date.available 2023-06-07T06:57:40Z
dc.date.issued 2021
dc.identifier.issn 2616-7174
dc.identifier.uri http://rep.enu.kz/handle/enu/1829
dc.description.abstract Бұл ғылыми мақалада коммуникациялық технологиялардың қарыштап дамыған ақпарат тасқыны кезеңіндегі жаңалық тарату қызметі және ондағы өзгерістер терең қарастырылады. Әлемдік зерттеушілер Эверетт Деннис, Джон Мэрилл, Джон Нэсбит, Элвин Тоффлер, Рольф Добелли, Тейлор Фило, Ален де Боттон және Томас Паттерсеннің ғылыми тұжырымдары сараланып, ресейлік ғалымдар Лада Браславец пен Рудольф Борецкийдің пайымдаулары сөз болады. Сондай-ақ, жаһандық сарапшылар Нил Сноу мен Уолтер Липманның сараптаулары зерделеніп отыр. Жаһандық зерттеуші-ғалымдардың жаңалықта болуы тиіс және ескерілуі қажет он екі факторына талдау жасалынады. Сонымен бірге, бүгінде әлемдік сарапшылар жаңалықтардың мән-мазмұнына көрермендердің назарын еріксіз аударатын ойын-сауықтық элементтердің барлық түрлерін енгізуге назар аударатынын заманауи тренд ретінде бағалап отырғаны зерделенеді. Цифрлы дәуірде ауқымды аудиторияны қамту үшін жасалынып отырған мұндай қадамдарға тұжырым жасауда автор ресейлік профессор Рудольф Борецкийдің зерттеулеріне жүгінген. Ақпараттық соғыс пен цифрлы қоғамдағы ымырасыз бәсекелестіктің телевизиядағы жаңалықтар қызметіне әкелген өзгерістері мен әсері әлемдік ғалымдардың зерттеулері негізінде терең талқыланып, автордың өзіндік пайымдауларымен қорытындыланады. «Хабар 24», «Хабар», «Қазақстан», «Астана», «КТК», «31-арна» және «Орт-Евразия» сынды отандық телеарналардағы жаңалық тарату қызметіне цифрлы дәуір әкелген трансформация мәселесі тұжырымдалады. Автор, сондай-ақ заманауи жаңалық тарату қызметіндегі «жұмсақ» жаңалықтар мен ресми жаңалықтардың бір-біріне орын ығыстыру мәселесіне көңіл бөліп, ғылыми талдаулар ұсынып отыр. Зерттеуде мәтіндік талдаулар, жаһандық ғалымдардың ғылыми тұжырымдары мен анықтамаларын кездестіре аламыз. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher ЕНУ им. Л.Н. Гумилева ru
dc.subject медиа және технология ru
dc.subject цифрлы қоғам ru
dc.subject ақпараттық соғыс ru
dc.subject жаңалықтар қызметі ru
dc.subject трансформация ru
dc.subject ақпарат ru
dc.subject телевизия ru
dc.title Цифрлы технологиялардың жаңалықтар қызметіне әсері ru
dc.type Article ru


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Search DSpace


Browse

My Account