DSpace Repository

Медиа шабуылдардың сипаты және ақпараттық

Show simple item record

dc.contributor.author Сақ, Қ.Ө.
dc.contributor.author Тұржан, О.І.
dc.date.accessioned 2023-06-07T06:59:55Z
dc.date.available 2023-06-07T06:59:55Z
dc.date.issued 2021
dc.identifier.issn 2616-7174
dc.identifier.uri http://rep.enu.kz/handle/enu/1831
dc.description.abstract Қазіргі кезеңнің ақпарат тарату және ақпарат жинақтау мәселесі тек қана ақпараттық шеңбер ішінде болудан шығып кетті. Қазіргі ақпарат экономикалық та, саяси да, мәдени де ықпалдасудың басты құралына айналды. Саяси бәсекелестер арасында ақпараттық текетірестердің белсенділік алып кеткен кезеңі де – осы кезең. Оның ішінде қарсыласы туралы жалған ақпарат тарату түріндегі әдісі де қарсыласына күш көрсетудің бір әдісіне айналды. Адамзат тарихында қазіргі технологияның дамуына дейін де ақпараттық текетірестер, жалған ақпарат тарату жағдайы болған екен. Көне грек заманында карфагендік әскер басы Барка Ганнибал елге өзінің әскерінің ішінде бір белгісіз індет тарап кеткендігі туралы хабар таратады. Мұны естіген қарсыластары оның әскері сол індетпен жағаласып, бір орынында тұр екен деп жайбарақат отырады. Ал Ганнибал болса, бұл кезде өз әскерімен қарсыластарының іргесіне келіп қалған еді. Осындай тәсілінің арқасында ол қарсыласының Тарента деген қаласын еш қиналмастан басып алған екен дейді. Ал ХХІ ғасырдың осыған ұқсас жалған ақпарат тарату тәсілі тек бір қаланы емес, тұтас халықтарды, ел мен елді бір-бірімен жауластырып қоюға күші жететін жағдайға келді. Бұл мәселе ғылыми талдаудың да нысанына айналды. Ақпараттық технологиялардың пайда болуына байланысты ақпараттық текетірес те белсенділік алды. Бір зерттеушілер «Ақпараттық соғыс» термині алғаш рет 1985 жылы Қытайда айтылған десе, физика саласының зерттеушісі Т.Рон деген ғалым бұл алғаш рет 1970-ші жылдардың ортасында айтылды дейді және «ақпарат – кез келген армияның ең осал тұсы» деп көрсетіпті. Ел бірлігін ыдыратуды көздейтін ақпараттардың түрі қандай болуы мүмкін? Ақпараттық шабуылдардан қорғанудың тәсілдері бар ма? «Цифрлық фашизмнің», «кибер-имперализмнің» ел ішінде бүлік шығару ниетінің арғы жағында не тұр? Жалған ақпараттардың жастарға әсері қандай? Біз бұл зерттеу мақаламызда осы мәселелердің кейбір қырларына тоқталып, оны ғылыми тұрғыдан тұжырымдаймыз. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher ЕНУ им. Л.Н. Гумилева ru
dc.subject ақпараттық шабуыл ru
dc.subject цифрлық фашизм ru
dc.subject кибер-имперализм ru
dc.subject ақпараттық қорғаныс ru
dc.subject Түркі Кеңесі ru
dc.subject жастар ru
dc.title Медиа шабуылдардың сипаты және ақпараттық ru
dc.type Article ru


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Search DSpace


Browse

My Account